date

Оңтүстік Кореяда робот буддистік монах ретінде танылды

Оңтүстік Кореяда робот буддистік монах ретінде танылды
Фото: Yandex

Оңтүстік Кореяда технология мен діни дәстүрлер тоғысқан ерекше оқиға орын алды. Арнайы рәсім арқылы робот буддистік қауымдастыққа қабылданып, оған «Gabi» есімі берілді. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады.

Рәсім Joge Order буддистік орденінде ұйымдастырылды. Сеулде өткен шара барысында адам-монах роботтан қасиетті ілімге адал болуға дайын ба деп сұрады. Робот бұған оң жауап берді.

Содан кейін ұстаз-монах робот үшін арнайы бейімделген бес буддистік ережені түсіндірді. Бұл қағидалардың қатарында өмірге зиян тигізбеу, басқа роботтарға зиян келтірмеу, адамдарға бағыну, өтірік айтпау және энергияны үнемдеп пайдалану бар.

Фото: Yandex

Рәсім кезінде «Gabi» монахтарға тағзым етіп, тәспі қабылдады және арнайы монах киімін киіп қатысты. Дәстүрлі рәсімдегі кейбір жоралғылар робот үшін заманауи түрде бейімделді.

Орден өкілдерінің айтуынша, роботқа берілген «Gabi» есімі айтылуға жеңіл және Будданың мейірімділігін білдіреді. Монах Сон Вонның пікірінше, робот үшін әзірленген бұл ережелер болашақта адам мен жасанды интеллект арасындағы үйлесімді өмірдің негізіне айналуы мүмкін.

Фото: Yandex

Мәлім болғандай, Gabi жақын күндері ғибадатханада «құрметті монах» ретінде қызметін бастайды. Сондай-ақ, оның Будданың туған күніне арналған лотос шамдары фестиваліне тағы үш роботпен бірге қатысуы жоспарлануда.

Фото: Yandex
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Оңтүстік Кореяда робот буддистік монах ретінде танылды