date

SpaceXAI мен Anthropic жасанды интеллект саласында серіктестік орнатты

SpaceXAI мен Anthropic жасанды интеллект саласында серіктестік орнатты

SpaceXAI компаниясы Anthropic-пен стратегиялық серіктестік орнатқанын жариялады. Келісім аясында Claude жасанды интеллект моделін әзірлеушілер әлемдегі ең ірі және жылдам Colossus 1 суперкомпьютерлік кластерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл платформа 220 мыңнан астам NVIDIA графикалық процессорымен, соның ішінде H100, H200 және жаңа буын GB200 үдеткіштерімен жабдықталған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Anthropic өкілдерінің айтуынша, қосымша есептеу қуаттары Claude Pro және Claude Max қызметтерінің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл ресурстар үлкен тілдік модельдерді оқыту, генеративті жасанды интеллект және ғылыми модельдеу сияқты жоғары өнімділікті талап ететін міндеттерді орындауға арналған.

Компаниялар одан да ауқымды жоба — қуаты бірнеше гигаватт болатын орбиталық жасанды интеллект жүйелерін құрумен де айналысуда. Сарапшылардың пікірінше, болашақ жасанды интеллект модельдері соншалықты үлкен энергия мен салқындату жүйелерін талап етеді, сондықтан жер үсті инфрақұрылымы жеткіліксіз болуы мүмкін. SpaceX ғарыштық платформаларды пайдалану арқылы шексіз энергия көздеріне қол жеткізуді көздеп отыр.

SpaceX өзінің зымыран ұшыру жылдамдығы мен орбиталық топтарды басқару тәжірибесі арқылы бұл идеяны ғылыми тұжырымдамадан қолданбалы инженерлік бағдарламаға айналдырмақ. Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың ақпанында SpaceX xAI компаниясын толығымен сатып алған болатын. Қазіргі уақытта xAI жеке компания ретінде жұмысын тоқтатып, SpaceX құрамындағы SpaceXAI брендімен біріктірілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » SpaceXAI мен Anthropic жасанды интеллект саласында серіктестік орнатты