Ресейде МФЦ қызметкері Gosuslugi аккаунттарын сатқаны үшін ұсталды

Ресейдің құқық қорғау органдары «Gosuslugi» порталындағы жеке кабинеттерге заңсыз кіру схемасын әшкереледі. Тергеу мәліметтері бойынша, Кабардино-Балкарияда тұратын 33 жастағы МФЦ қызметкері интернетте аккаунттарға кіруді қалпына келтіру бойынша ақылы қызметтер көрсеткен. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Қылмыскер клиенттерден үшінші тұлғалардың паспорттық деректерін, СНИЛС және телефон нөмірлерін алып, небәрі 300 рубльге бөгде аккаунттарға кіру құқығын берген. Осы схеманы пайдаланған Екатеринбург тұрғыны Сургут тұрғынының атына цифрлық банк картасын рәсімдеп, оны сатып жіберген.
Алаяқтар жәбірленушінің атына 70 мың рубль көлемінде онлайн несие алмақ болған, алайда жәбірленушіде несие алуға алдын ала қойылған тыйымның болуына байланысты бұл әрекет сәтсіз аяқталды.
Полиция жүргізген тінту барысында 20-ға жуық ұялы телефон, банк карталары және тергеу үшін маңызды басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру және ұрлық жасауға әрекеттену баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Тергеу амалдары жалғасуда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!