xAI компаниясы Grok Computer жүйесін таныстырды

Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясы өзінің жасанды интеллект жүйесі Grok үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынды. Grok Computer деп аталатын бұл жаңарту қарапайым чат-бот деңгейінен шығып, компьютердің файлдық жүйесімен және пәрмен жолымен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Жаңа жүйе файлдарды оқу, өңдеу, жасау және сұрыптау, сондай-ақ әртүрлі бағдарламалық пакеттерді орнату және скрипттерді іске қосу сияқты тапсырмаларды дербес орындай алады. Grok Computer кодтардың үлкен базасын өңдеу, қателерді талдау және оларды нақты уақыт режимінде түзету қабілетіне ие.
Пайдаланушылар енді жасанды интеллектке автоматтандыру скрипттерін немесе күрделі қосымшаларды жасауды тапсыра алады. Жүйе тек код жазып қана қоймай, нәтижені дербес тексеріп, қателерді жояды. Сондай-ақ, жүйеге интеграцияланған кескін жасау функциясы диаграммалар мен визуалды контентті тікелей файлдық жүйеге сақтауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында xAI компаниясы өз қызметін SpaceX құрамында жалғастыратыны және SpaceXAI атауымен бірігетіні белгілі болды. Сондай-ақ, Grok 4.3 моделінің соңғы нұсқасы мен Grok Imagine Quality Mode кескін жасау режимі де пайдаланушыларға ұсынылды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!