date

Илон Маск OpenAI-ді Tesla құрамына қосқысы келген

Илон Маск OpenAI'ni Tesla tarkibiga qo'shmoqchi bo'lgan

Оклендтегі федералды сотта өткен тыңдауларда Илон Масктың бір кездері Сэм Альтманды Tesla директорлар кеңесіне шақырғысы келгені белгілі болды. OpenAI-дің бұрынғы кеңес мүшесі және Масктың жақын серіктесі Шивон Зилис 2017 жылдың соңында осындай талқылаулар болғанын растады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Ол кезде Маск пен OpenAI негізін қалаушылар ұйымның болашағы мен есептеу қуаттарын қаржыландыру мәселелерін талқылап жатқан еді. Маск OpenAI-ді өзінің Tesla компаниясына қарасты еншілес кәсіпорынға айналдыру және онда жасанды интеллект зертханасын құру идеясын алға тартқан.

OpenAI заңгерлері бұл әрекетті Масктың жасанды интеллект технологияларын өз бақылауына алу және оларды Tesla жүйесіне интеграциялауға деген талпынысы деп бағалайды. Олардың айтуынша, Маск Альтманды өз миссиясынан бас тартып, Tesla-ға қосылуға көндірмек болған.

Өз кезегінде, Илон Маск сот процесінде OpenAI-ді бастапқыда коммерциялық емес ұйым ретінде өзі құрғанын және оның мақсаты адамзатқа қызмет ету болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Сэм Альтман компания коммерциялық емес мәртебеде қалатынына уәде берген, бірақ кейін бұл уәдесінен қайтқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Илон Маск OpenAI-ді Tesla құрамына қосқысы келген