date

Yandex Disk қосымшасының компьютерлік нұсқасы ақылы болады

Yandex Disk қосымшасының компьютерлік нұсқасы ақылы болады

Yandex 360 командасы компьютерге арналған Yandex Disk қосымшасын пайдаланушыларға электронды пошта арқылы маңызды ескерту жіберді. Оған сәйкес, ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап қосымшаны толық пайдалану мүмкіндігі тек ақылы Yandex 360 жазылымы бар пайдаланушылар үшін сақталады. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Компания өкілдерінің түсіндіруінше, осы күннен бастап жазылымы жоқ пайдаланушылар үшін бұлттық функциялар шектеледі. Бұл файлдармен тікелей бұлт арқылы жұмыс істеу мүмкіндігінің жабылатынын, яғни қосымша ішіндегі көптеген әрекеттердің орындалмайтынын білдіреді.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың барлық деректері бұлттық қоймада сақталады. Оларға веб-нұсқа немесе басқа құрылғылар арқылы кіру мүмкіндігі өзгеріссіз қалады. Компьютерлік қосымшада болса, тек бұрын құрылғыға жүктеп алынған файлдар ғана көрінеді.

Yandex бұл өзгерістерді қосымшаны үлкен көлемдегі файлдармен жұмыс істеу үшін пайдалану жағдайларының көбеюімен түсіндірді. Мұндай процестер көп ресурсты қажет ететіндіктен, компания бұл функцияларды жазылым моделіне көшіруді шешті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Yandex Disk қосымшасының компьютерлік нұсқасы ақылы болады