Yandex Disk енді ақылы: 3-маусымнан бастап компьютерлер үшін жаңа шектеулер күшіне енеді

«Yandex 360» командасы 3-маусымнан бастап «Yandex Disk» қызметінің жұмыс істеу моделіне өзгерістер енгізілетінін жариялады. Енді дербес компьютерлерге арналған қосымшадағы бұлттық функциялар тек ақылы жазылым негізінде ұсынылады. Ақылы тарифі жоқ пайдаланушылар компьютерлік бағдарлама арқылы бұлттағы файлдармен операцияларды орындай алмайды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Бұл өзгерістерге қарамастан, пайдаланушылардың деректері жойылмайды. Барлық файлдар бұлттық жадта сақталады және оларға веб-браузер мен мобильді қосымша арқылы тегін кіру мүмкіндігі сақталады. Ал компьютерлік қосымшада жазылымсыз тек бұрын құрылғыға жүктеп алынған файлдармен жұмыс істеуге болады.
Компания бұл шешімді жүйеге түсетін жүктеменің артуымен түсіндірді. Мәлім етілгендей, десктоп қосымшасы арқылы үлкен көлемді файлдармен жұмыс істеу көбейген және бұл қосымша ресурстарды талап етеді. Жазылым моделіне көшу сервистің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қызмет ететіні атап өтілді.
«Yandex Disk»-тің тегін нұсқасы браузер мен мобильді құрылғыларда өзгеріссіз қалады. Ақылы жазылым болса, пайдаланушыларға кеңейтілген жад көлемін, жасанды интеллект (AI) функцияларын және «Yandex 360» экожүйесінің басқа да мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!