Дональд Трамп Қытайға ірі бизнес өкілдерімен сапарлап барады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға сапары аясында өзімен бірге 16 ірі бизнес өкілін алып барады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, делегация құрамына Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск, Apple бас директоры Тим Кук, Boeing басшысы Келли Ортберг және GE Aerospace компаниясының басшысы Ларри Калп кірді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Бұл кездесу Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда байланыстарын қайта жандандыруға және екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған. Тараптар жаңа сауда форумдарын ұйымдастыруды және ауыл шаруашылығы өнімдері, энергетикалық ресурстар мен авиациялық техникаларды жеткізу бойынша келісімдерді кеңейтуді талқылап жатыр.
Boeing компаниясы үшін бұл сапардың маңызы зор. Қытай 2017 жылдан бері алғаш рет Boeing ұшақтарына, соның ішінде 500-ге дейін 737 MAX және ондаған кең фюзеляжды лайнерлерге тапсырыс беруі мүмкін. Сондай-ақ сауда соғысындағы уақытша бітімді ұзарту және сирек кездесетін металдарды жеткізу мәселелері де күн тәртібінде тұр.
Бір қызығы, Nvidia басшысы бұл делегация құрамына енгізілмеді. Ақ үй қазіргі кезеңде негізгі назарды авиация мен агросекторға аударып отыр, өйткені дәл осы салаларда ең ірі келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!