date

Xiaomi жаңа магнитті қуаттағышты таныстырды: ұшаққа алуға болады

Xiaomi жаңа магнитті қуаттағышты таныстырды: ұшаққа алуға болады

Xiaomi компаниясы сыйымдылығы 10 000 мА•сағ жаңа сыртқы қуаттағышты (powerbank) таныстырды. Құрылғы қазіргі уақытта краудфандинг платформасында 349 юань бағасымен сатылымға шықты және өте ықшам әрі магнитті бекіту жүйесімен ерекшеленеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Жаңа модельдің басты артықшылығы — Xiaomi Jinshajiang батарея технологиясын қолдануы. Бұл шешім құрылғы корпусын жұқарақ етумен қатар, энергия сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, гаджеттің қалыңдығы небәрі 13,2 мм-ді құрайды.

Магнитті конструкциясының арқасында құрылғы iPhone және Android-смартфондарымен де еркін жұмыс істейді. Ол 3C сертификатына ие және халықаралық қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді, бұл оны ұшақ салонына кедергісіз алып кіруге мүмкіндік береді.

Сыртқы қуаттағыш 45 Вт-қа дейінгі сымды қуаттауды қолдайды. Бұл пайдаланушыларға смартфондар мен басқа мобильді құрылғыларды қысқа уақыт ішінде жылдам қуаттап алуға мүмкіндік береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Xiaomi жаңа магнитті қуаттағышты таныстырды: ұшаққа алуға болады