date

Адамзат тарихындағы ең ірі зымыран Starship V3 алғашқы ұшуына дайындалуда

Адамзат тарихындағы ең ірі зымыран Starship V3 алғашқы ұшуына дайындалуда

SpaceX компаниясы Starship V3 конфигурациясындағы зымыранның алғашқы сынақ ұшуының күнін жариялады. Ұшу 20 мамыр күні Ташкент уақытымен сағат 03:30-да Оңтүстік Техастағы Starbase ғарыш айлағынан жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бұл миссия компания үшін технологиялық тұрғыдан маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы хабар береді.

Starship V3 зымыраны жетілдірілген Raptor қозғалтқыштарымен, жаңартылған бірінші саты архитектурасымен және басқару жүйелерімен жабдықталған. Алғашқы сынақ кезінде Super Heavy үдеткішін ұшыру алаңына қайтару емес, оны ашық теңізге қондыру көзделген. Ал жоғарғы саты ғарышқа 22 Starlink жасанды серігінің макетін алып шығады.

Миссия барысында SpaceX инженерлері жылудан қорғайтын жабындарды сынақтан өткізуді мақсат етіп отыр. Ол үшін кеменің кейбір бөліктеріндегі қорғаныс плиталары алынып тасталып, арнайы бояулармен қапталған. Сондай-ақ, жасанды серік макеттерінің көмегімен атмосфера қабатына кіру процесі бақыланады.

Естеріңізге сала кетейік, Starship V3 зымыранының жалпы биіктігі 124 метрді құрайды. Бұл көрсеткіш оны аңызға айналған Saturn V зымыранынан да 13,4 метрге ұзын етіп, адамзат тарихындағы ең ірі ұшу аппаратына айналдырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Адамзат тарихындағы ең ірі зымыран Starship V3 алғашқы ұшуына дайындалуда