date

Lenovo Legion P5 10000: 100 W қуатқа ие ықшам повербанк

Lenovo Legion P5 10000: 100 W қуатқа ие ықшам повербанк

Lenovo компаниясы өзінің Legion ойын бренді аясында жаңа Legion P5 10000 сыртқы аккумуляторын таныстырды. Бұл құрылғы ықшам өлшемдерімен қатар жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Құрылғы 10 000 мА·сағ сыйымдылыққа ие және 100 Вт шығыс қуатын қолдайды. Бұл мүмкіндік оны тек смартфондарды ғана емес, ноутбуктерді де жылдам зарядтауға бейімдейді.

Lenovo бұл модельде өзінің меншікті жылдам зарядтау хаттамаларынан бөлек, Apple, Huawei және басқа да брендтердің стандарттарымен үйлесімділікті қамтамасыз етті. Бұл пайдаланушыларға әртүрлі гаджеттерді еш қиындықсыз зарядтауға мүмкіндік береді.

Ресми сатылымдар 19 мамырдан басталады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде JD.com платформасында тауар карточкасы пайда болды, оның бағасы 169 юань, яғни шамамен 25 долларды құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Lenovo Legion P5 10000: 100 W қуатқа ие ықшам повербанк