date

Нейрожелі көмегімен MacOS қорғанысын бұзып кірді

Нейрожелі көмегімен MacOS қорғанысын бұзып кірді

АҚШ-тың Calif компаниясының зерттеушілері Anthropic Claude Mythos нейрожелісінің көмегімен MacOS жүйесінің қорғаныс қабатын айналып өтудің жаңа тәсілін тапқандарын хабарлады. Мамандар екі түрлі осалдық пен қосымша техникаларды біріктіріп, Mac жадындағы әдетте пайдаланушылар немесе қолданбалар үшін жабық бөліктерге кіруге қол жеткізді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды. мәлімдейді.

Шабуылдың бұл түрі "артықшылықтарды арттыру" (privilege escalation) деп аталады. Бұл әдіс құрылғыны толық бақылауға алу үшін жеткіліксіз болғанымен, басқа осалдықтармен бірге жүйені толығымен басып алу қаупін тудырады. Claude Mythos көмегімен Apple компаниясы "бес жылдық инженерлік жетістік" деп сипаттаған Memory Integrity Enforcement (MIE) технологиясын айналып өтуге қол жеткізілді.

Calif компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл эксплойт кодын жасауға небәрі бес күн уақыт кеткен. Алайда олар жасанды интеллект барлық жұмысты өз бетінше атқармағанын, киберқауіпсіздік мамандарының тәжірибесі де табысқа жетуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Apple компаниясы бұл хабарламаға байланысты тексеру бастағанын және қауіпсіздік мәселелері олар үшін басымдық екенін білдірді. Ал Calif компаниясы Apple анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін, шабуылдың техникалық егжей-тегжейін толық жариялауды жоспарлап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Нейрожелі көмегімен MacOS қорғанысын бұзып кірді