date

Екі ғасырлық сирек Құран нұсқасы Өзбекстанға оралды

Екі ғасырлық сирек Құран нұсқасы Өзбекстанға оралды

Ташкентте өткен «Өткеннің ұлы мұрасы — ағартылған болашақтың іргетасы» халықаралық форумы тарихи оқиғаға айналды. Онда екі жүз жыл бұрын басылып шыққан алғашқы Құрандардың ең сирек нұсқаларының бірі Өзбекстанға салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлады «Мадина» баспасы.

Салтанатта Ислам өркениеті орталығына бұл ерекше сыйды Ресейдің «Мадина» баспасының басшысы Ильяс Садурий жеке өзі табыс етті. Сыйға берілген кітаптар арасында Екатерина II тұсында, 1787 жылы Санкт-Петербург қаласында басылған Құран ерекше мәнге ие болды.

Мамандардың айтуынша, бұл мұсхаф ислам әлемінде баспа түрінде дайындалған алғашқы және ең толық Құран нұсқаларының бірі болып саналады. Кітапты басып шығару үшін арнайы металл шрифт жасалып, безендіру жұмыстарын татар хаттаты Усман Исмаил орындаған.

Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы таралымы шамамен 1200 дана болған және ол өз дәуірінде баспа ісіндегі үлкен жетістік ретінде бағаланған.

Бұл басылым тек діни маңызға ие емес, сонымен қатар Ресейде ислам баспа ісі мен әдебиетінің дамуына жол ашқан маңызды қадам болды. Кейіннен Қазан қаласы осы дәстүрді жалғастырып, XIX ғасырда ислам баспасының орталығына айналды.

Бұл сыйлық тек тарихи емес, рухани құндылыққа да ие. Ислам өркениеті орталығының өкілдері оны өткен мен болашақты байланыстыратын символдық тарту деп қабылдады.

Осылайша, екі ғасыр бойы әлемде сақталып келген бұл сирек мұсхаф қайтадан Өзбек жеріне оралып, халықтың рухани байлығының бір бөлігіне айналды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Екі ғасырлық сирек Құран нұсқасы Өзбекстанға оралды