date

Ташкентте 12 ноябрьден бастап ыстық суға жаңа тарифтер белгіленеді

Ташкентте 12 ноябрьден бастап ыстық суға жаңа тарифтер белгіленеді

Ташкент қаласының тұрғындары мен ұйымдары үшін ыстық су және жылумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер енгізіледі. Бұл туралы астана әкімінің 2025 жылғы 27 қазандағы қаулысында белгіленген.

Мәліметтерге қарағанда, Veolia Energy Tashkent компаниясы көрсететін орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтері үшін жаңа бағалар 2025 жылдың 12 ноябрінен бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, жаңа тарифтер (ҚҚС-сыз) төмендегідей белгіленді:

-Негізгі (базалық) тариф - 711 641 сум/Гкал

-Халық үшін - 139 860 сум/Гкал

-Бюджеттік ұйымдар үшін - 952 797 сум/Гкал

-Заңды тұлғалар үшін - 342 296 сум/Гкал

Компанияның хабарлауынша, бұл өзгерістер энергия жүйесін жаңғырту және қызмет сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Ең бастысы, мемлекеттік субсидиялардың арқасында астана тұрғындары жылу энергиясының нақты құнын толық төлемейді - шығындардың шамамен 80 пайызы жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

Veolia өкілдері жиналған қаржы тек жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерін дамытуға, сондай-ақ инфрақұрылымды жөндеуге және жаңартуға бағытталатынын атап өтті.

Соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылу жүйесіндегі шығындар 44 пайыздан 33,4 пайызға дейін қысқарды. Бұл тек ресурстарды үнемдеуге ғана емес, жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне және үйлердегі жылу сапасын жақсартуға қызмет етті.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар энергия тиімділігін арттырумен қатар, тұрғындарды үздіксіз ыстық сумен және жылыту қызметтерімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Астаналықтар үшін ең маңыздысы - жаңа тарифтер кезең-кезеңімен енгізіліп, қызмет көрсету сапасы да сәйкесінше жақсарады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте 12 ноябрьден бастап ыстық суға жаңа тарифтер белгіленеді