
Өзбекстан темiр жолдары ұлттық компаниясы жолаушыларға арналған жүрдек “Афросиёб” пойыздарының электронды билеттерін қайтару тәртібі туралы мәлімет берді. Сапардан бас тартқан жағдайда, электронды билет үшін төленген қаражат төлем жасалған банк картасына қайтарылады.
Қаражат 3 күннен 15 жұмыс күніне дейін қайтарылуы мүмкін. Компанияның хабарлауынша, билет сатып алу кезінде жолаушы жария оферта шарттарына келісім береді.
Осы оферта қаражатты қайтару тәртібін толықтай белгілейді және сапардан бас тарту уақытына байланысты өтемақы мөлшерін анық көрсетеді. “Афросиёб” пойыздарына билеттер сату рейске 60 күн қалғанда басталады.
Темір жол қызметкерлері жолаушыларға күз мезгілі сияқты ішкі туризмнің белсенді кезеңдеріне сапарды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Еске сала кетейік, Өзбекстандағы қараша айын қамтитын “Зейнеткерлерге арналған туризм айлығы” аясында, 55 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ер адамдарға (Афросиёбтан басқа) темір жол билеттеріне 20 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Афросиёб билеттерін қайтару тәртібі
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар