date

Шавкат Мирзиёев Вашингтонға сапармен барды


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен 4 қараша күні жұмыс сапарымен Вашингтонға келді. Сапардың негізгі іс-шаралары 5-6 қараша күндеріне жоспарланған.

Сапардың маңызды бөлігі - екі ел президенттерінің кездесуі және Өзбекстан Президентінің Орталық Азия елдері мен АҚШ басшыларын өңірлік мәселелерді талқылау үшін біріктіретін «C5+1» саммитіне қатысуы болады. Бағдарлама аясында АҚШ Конгресі, үкіметі және іскерлік топтар өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізу жоспарланған.

Кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, инвестициялық жобалар мен бірлескен бастамаларды талқылау мәселелері басты назарда болады. Атап айтқанда, көлік, логистика және технологиялар саласындағы әріптестік мүмкіндіктерін қарастыру жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. «C5+1» дипломатиялық диалог форматы 2015 жылы сыртқы істер министрлері деңгейінде іске қосылған еді.

Орталық Азия елдері президенттері мен АҚШ басшысының қатысуымен алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу 2023 жылғы қыркүйек айында өткен.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Шавкат Мирзиёев Вашингтонға сапармен барды