date

Нөкіс-Үргеніш пойызы билеттерінің бағасы екі есеге көтеріледі

Нөкіс-Үргеніш пойызы билеттерінің бағасы екі есеге көтеріледі

22 ноябрьден бастап "Узбекистон темир йуллари" акционерлік қоғамы қалааралық қатынауларда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Нөкіс-Үргеніш-Нөкіс" бағытындағы пойыздарға жаңа тарифтерді енгізуде. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 6354-6353-санды бағыт бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 22 ноябрьден бастап күшіне енеді. Жаңа тарифтерге сәйкес, ересектер үшін билет бағасы 40 мың сум, ал балалар үшін 21,5 мың сум болып белгіленген.

Бұрынғы тариф бойынша ересектер 20 мың сум, ал балалар 11,5 мың сум төлейтін. Яғни бағалар екі есеге жуық қымбаттады. Жауаптылар бұл өзгерісті жолаушылар вагондарында қызмет көрсету сапасы мен ыңғайлылығын арттырумен, сондай-ақ пойыз қозғалысының тиімділігін қамтамасыз етумен түсіндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, "Нөкіс-Үргеніш-Нөкіс" бағытындағы бұл пойыз осы жылдың 27 сентябрінде жолға қойылған болатын. Ол күнде таңертең сағат 05:30-да Нөкістен шығып, 08:50-де Үргенішке жетеді. Қайтар рейс Үргеніштен сағат 15:30-да жолға шығып, 18:50-де Нөкіске жетеді.

Жолаушылардың айтуынша, пойыз ішкі туризмде үлкен маңызға ие - бұл бағыт арқылы күн сайын жүздеген адам екі облыстың арасында саяхаттайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Нөкіс-Үргеніш пойызы билеттерінің бағасы екі есеге көтеріледі