date

2030 жылға қарай жергілікті пойыздар саны мен жолаушылар ағыны күрт өседі

2030 жылға қарай жергілікті пойыздар саны мен жолаушылар ағыны күрт өседі

2025 жылғы 27 желтоқсанда жергілікті теміржол қатынасын дамытуға бағытталған маңызды шешім қабылданды. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға дейін ішкі теміржол бағыттарында жолаушы тасымалы көлемін едәуір арттыру, электрпойыздар қозғалысының қамту аясын кеңейту және қызмет сапасына жаңа стандарттар енгізу жоспарлануда.

Шешімде белгіленген негізгі мақсат — жергілікті бағыттардағы жылдық жолаушылар санын қазіргі 10,5 млн адамнан 23,5 млн адамға дейін жеткізу. Сонымен қатар электрпойыздар қатынайтын бағыттар саны 40-тан 53-ке дейін көбейтіледі деп көзделген.

Басым міндеттердің қатарында стратегиялық маңызы бар Ангрен–Поп және Тошгузар–Бойсун–Құмқорған теміржол учаскелерін терең жаңғырту ерекше атап өтілген. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 2030 жылға дейін Ферғана аңғары облыстарына — Әндіжан, Наманган және Ферғана, сондай-ақ Сұрхандария облысына жүрдек электрпойыздар қатынасын жолға қою жоспарланған.

Шешімде өзге бағыттар бойынша да нақты жоспарлар белгіленген. Атап айтқанда, электрлендіру жұмыстары толық аяқталған, ұзындығы 465 км болатын «Бұхара–Хиуа» теміржол бағыты арқылы 2026 жылдан бастап Ташкент–Үргеніш–Хиуа қатынасында жоғары жылдамдықты электрпойыздар іске қосылады.

Сондай-ақ ұзындығы 196 км болатын «Мискин–Нүкіс» теміржол бағытын электрлендіру жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аталған өңірлерде де заманауи, жоғары жылдамдықты электрпойыздар қатынасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, бұл шешім жергілікті халық үшін қолайлы әрі жедел көлік мүмкіндіктерін жасауға, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға және ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін беруге маңызды ықпал етеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 2030 жылға қарай жергілікті пойыздар саны мен жолаушылар ағыны күрт өседі