date

1% салық: таксишілерге 2026 жылдан жаңа ереже енгізіледі

1% салық: таксишілерге 2026 жылдан жаңа ереже енгізіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде такси жүргізушілері де, айналымынан 1% мөлшерінде салық төлейді. Салық комитеті осы тәртіп бойынша түсіндірме берді.

Мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған таксиші бір айда 2 млн сум табыс тапса, төлейтін салығы 20 мың сум болады. Ереже қарапайым: айналым қанша болса, соның 1%-ы.

Егер жолаушы тасымалы онлайн-агрегаторлар арқылы жүзеге асса, салық мәселесі одан әрі «автоматты» болады. Яғни агрегатор жүргізушіге ақша аударғанда салықты өздігінен ұстап қалады.

Мұнда маңызды бір нюанс бар: агрегатор тек өз платформасы арқылы түскен табыстан ғана салық ұстайды. Агрегатордан тыс алынған табыстар бұл механизммен автоматты түрде салық салынбайды.

QR-код мәселесі: таксишілерге міндетті емес

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін цифрлық платформаларда қалыптасқан электрондық төлемдерді қабылдау мақсатында арнайы QR-кодқа ие болу талабы да күшіне енді.

Алайда бұл талап агрегаторлар арқылы жолаушы тасымалдаумен және тапсырыс бойынша тауар жеткізумен айналысатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қолданылмайды. Қысқасы, салық жүйелеріне қосылған ресми агрегатор арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлерге бөлек QR-код орнату міндетті емес.

Қорытынды біреу: 1% салық енгізіледі, агрегатор арқылы жұмыс істесең ұсталып қалады, ал QR-код таксишілер үшін «міндетті түрде керек» емес.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 1% салық: таксишілерге 2026 жылдан жаңа ереже енгізіледі