date

21 жастан кейінгі некелерге қосымша қолдау енгізілді

21 жастан кейінгі некелерге қосымша қолдау енгізілді

Өзбекстанда 21 жасқа жеткен тұлғалар арасында неке қиюды ынталандыру мақсатында қосымша қаржылық қолдау тетіктері енгізіледі. Бұл бастамалар 3 наурыз күні Президент Шавкат Мирзиёев танысқан әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, оларға қатысты қысым мен зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жаңа ұсыныстар қатарында айтылды.

Хабарланғандай, ерте неке, ерте жастағы босану, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу мәселелеріне отбасы институтын нығайту және қоғамда салауатты әлеуметтік орта қалыптастырудың маңызды бағыты ретінде тұрақты назар аударылуда. Осы мақсатта ведомствоаралық кеңес құрылып, қысқа мерзімде практикалық ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Айтылғандай, Өзбекстанда некелердің 40 пайызы 18–19 жастағылар арасында қиылады. Алайда халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша ең қолайлы неке жасы 21 жас болып саналады, өйткені бұл жасқа жеткен тұлғалар әдетте қаржылық тәуелсіздікке жетіп, отбасы құруға жан-жақты дайын болады. Осы негізде келесі бастамалар ұсынылды:

  • 21 жасқа жеткен тұлғалар арасында некені қосымша қаржылық қолдау арқылы ынталандыру;

  • мемлекеттік баж салығынан жеңілдіктер беру арқылы неке шартының жасалуын ынталандыру;

  • неке жасы туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың 15 пайызын бұл жағдай туралы хабарлаған тұлғаларға беру тәртібін енгізу арқылы ерте некелерді анықтау тиімділігін арттыру;

  • ерте неке және 16 жасқа дейінгі жүктілік жағдайлары туралы ішкі істер органдарына және “Инсон” әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына хабарлау жөніндегі ведомствоаралық тізбекті жолға қою, хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу;

  • жүкті немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын студент қыздарға білімін жалғастыру мүмкіндігін беру арқылы олардың оқудан шығып қалуының алдын алу.

Мемлекет басшысы бастамаларды мақұлдап, тиісті жарлыққа қол қойды және жаңалықтарды қоғам арасында кеңінен насихаттау жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » 21 жастан кейінгі некелерге қосымша қолдау енгізілді