date

Президенттың виртуал қабылдауында махаллаларға арналған жеке кабинет ашылады

Президенттың виртуал қабылдауында махаллаларға арналған жеке кабинет ашылады

13 наурыз күні Президент Шавкат Мирзиёевтың төрағалығымен халықтың өтініштерімен жұмыс істеу жүйесін жаңа деңгейге көтеру және қоғамдық пікірді терең талдау мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиында мәлім болғандай, өтініштермен жұмыс істеуде «махалла жетілігі» жауапкершілігі күшейтіледі. Президенттың виртуал қабылдауында әрбір махаллаға арналған жеке кабинет ашылады. Оны басқару үшін жастар көшбасшысы мен махалла төрағасы жауапты болады. Олар келіп жатқан өтініштердің себептерін зерттеп, күнделікті мәліметтерді әкімдерге ұсынып отырады.

Құзыретті органдарға «Цифрлық махалла» жүйесін Президенттың виртуал қабылдауына толық интеграциялау тапсырылды.

Енді өтініштерді төменгі жүйелерге қарау үшін негізсіз жіберген ұйым басшыларына қатаң шаралар қолданылатыны белгіленді.

Өтініштер туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жазалау да күшейтіледі.

Президент әлеуметтік-саяси зерттеу нәтижелері мемлекет саясаты мен реформалардың негізгі бағыттарын айқындауы керектігін атап өтті. Осыған байланысты социология ғылым ретінде қайта жаңғыртылды, жоғары оқу орындарында социологтар даярлау жолға қойылды. Бұл жұмыстардың логикалық жалғасы ретінде әлеуметтік-саяси зерттеулердің көлемі мен сапасы арттырылады.

Енді бір реттік сауалнамалар емес, қай жерде сенім артып келе жатқаны, қай жерде әлсірегені, қандай шешімдер әділетті, қайсылары халыққа пайда келтірмейтіндігі бойынша үздіксіз мониторинг және талдаулар жүргізіледі.

Президент Әкімшілігінің Коммуникация департаментіне және Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтына аумақтар мен салалар басшыларының рейтингісінің әдістемесін әзірлеп, талдаулар негізінде рейтингті қалыптастырып, Президентке үнемі енгізіп отыру тапсырылды.

Орындалу тәртібі мәселелері де қаралды. Берілген әрбір тапсырманың нақты орындалу жағдайы бойынша күнделікті бақылау орнату, жауапкершілікті сезінбеген, жалқаулық жасаған басшылар бойынша сыншыл, ашық және әділ ақпарат енгізу міндеті қойылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Президенттың виртуал қабылдауында махаллаларға арналған жеке кабинет ашылады