date

Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату-сатып алу қалай есептеледі?

Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату-сатып алу қалай есептеледі?

Әділет министрлігі "Жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу-сату келісімшарттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін нотариустар мен банктер арасында электронды мәліметтер алмасу тәртібі туралы" ережені мемлекеттік тіркеуден өткізді.

2026 жылдың 1 апрелінен бастап жылжымайтын мүлік объектілерін, шығарылғанына 10 жылдан аспаған М, Н, О және Г санатына кіретін көлік және арнайы автокөлік құралдарын сатып алу-сату келісімшарттарын бекітуде тараптар арасындағы есеп айырысулардың жүзеге асырылғаны нотариус пен банктер арасындағы электронды ақпарат алмасу жолымен анықталады.

Оған сәйкес, нотариустар жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу-сату шарттарын нотариалды түрде растауды тараптар арасындағы есеп айырысулар бойынша банктер ұсынған электронды мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу-сату шарттары бойынша есеп айырысулар келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

- Сатып алушы немесе оның өкілі банкке жазбаша немесе электронды түрде өтініш береді;

- Банк тарапынан тараптар арасында шарт бойынша келісілген ақшалай қаражат қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз түрде эскроу шотына түседі;

- Келісімшарт төлем міндеттемелерін кейінге қалдыру шартымен жүзеге асырылса, тиісті эскроу шотына тараптар арасында келісілген (бастапқы) ақшалай қаражат түседі;

- Келісімшарт толығымен немесе ішінара несие қаражаты негізінде жүзеге асырылғанда, бұл туралы несие беретін банк нотариусқа электронды ақпарат жібереді;

- Сатып алушының немесе оның өкілінің банктегі (банк картасы, талап еткенге дейін электрондық әмиян) шоттары эскроу шоты ретінде пайдаланылуы мүмкін;

- Тараптар сатып алу-сату шартын рәсімдеу үшін нотариусқа жүгінеді;

- Нотариус эскроу шотында қаржының бар-жоғын электронды түрде тексеріп, келісімшартты бекітеді.

Осыдан кейін ақшалай қаражат сатушының немесе оның өкілінің шотына аударылады немесе шотына аударылған қаражат олардың сұрауы бойынша қолма-қол ақша түрінде беріледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату-сатып алу қалай есептеледі?