date

Мейрамханаларда алкоголь үшін қолма-қол төлем қайта енгізілуі мүмкін

{{ALT_11}}

Өзбекстанда жалпы тамақтану орындары, кафе-мейрамханалар және қонақүйлерде алкоголь өнімдері үшін қолма-қол ақшамен төлеу мүмкіндігін қайта жаңғырту мәселесі талқылануда.

21 сәуірде сала кәсіпкерлерімен өткізілген ашық кездесу барысында бұл тақырып көтерілді. Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер қолданыстағы тек қолма-қолсыз төлем жүйесі, әсіресе шетелдік туристермен жұмыс істеуде қиындықтар тудырып отырғанын атап өтті.

Салық комитетінің басшысы Фаррух Пұлатов бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, жақын арада шешім табылып, қолданыстағы тәртіп қайта қаралатынын хабарлады. Оның айтуынша, кейбір техникалық және ұйымдастырушылық кемшіліктерге байланысты тұтынушылар үшін қолайсыз жағдайлар туындауда.

«Бұл – біздің кінәміз, назар аудармағандығымыз. Бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз және жақын күндері шешім ұсынамыз – түзетеміз», – деді ол.

Қазіргі жүйеде тамақ үшін қолма-қол төлем жасауға мүмкіндік болғанымен, алкоголь өнімдері тек банк карталары арқылы сатылып жатқаны қолайсыздықтар тудыруда. Бұл жағдай туристер үшін де түсініспеушіліктерге себеп болып отырғаны атап өтілді.

Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Дәурон Ваһабов та бұл тәртіптің туризм саласына теріс әсер етіп отырғанын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, кейбір туристер қолма-қол төлем жасай алмағандықтан қызметтен бас тартып, елден кету жағдайлары да кездесуде:

«Егер шетелдік турист қонақүйде спирттік ішімдіктерді қолма-қол ақшаға сатып алғысы келсе, ол Uzcard немесе Humo картасын ашу үшін банкке баруына тура келеді. Нәтижесінде ішкісі келген турист ішкісі де келмей қалып, ұшаққа отырып, кері қайтып кетіп жатыр».

Хабарланғандай, Салық комитеті тарапынан бұл мәселе бойынша арнайы құжат жобасы дайындалған. Оған сәйкес, мейрамханалар мен қонақүйлерде алкоголь өнімдері үшін де қолма-қол, да қолма-қолсыз төлем нысандарын енгізу көзделген. Қазіргі таңда құжат тиісті мекемелермен келісу кезеңінде.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстанда алкоголь және темекі өнімдерін сатуда тек қолма-қолсыз төлем жүйесі енгізілген еді. Жаңа бастама бұл тәртіпті ішінара жұмсартуға бағытталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Мейрамханаларда алкоголь үшін қолма-қол төлем қайта енгізілуі мүмкін