date

Өзбекстанда 2030 жылға дейін 5 сел су қоймасы салынады

Өзбекстанда 2030 жылға дейін 5 сел су қоймасы салынады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің «Сел және тасқын суларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету шаралары туралы» қаулысында Өзбекстанда 2027–2030 жылдары бес жаңа сел су қоймасы салынатыны хабарланды.

Бұл қоймаларды Жызақ, Самарқанд және Ташкент облыстарында салу жоспарланған. Жоба аясында Жызақ облысының Бахмал ауданындағы Таңғатопдисай, Самарқанд облысының Үргіт ауданындағы Ғиждувонсай мен Чоштепасай, Қошрабат ауданындағы Оқтепасай және Ташкент облысының Бостанлық ауданындағы Оқсоқотасай өзендерінде сел су қоймалары салынады.

Қаулыға сәйкес, жаңа қоймалардың есебінен Самарқанд облысында 7 мың гектар, Ташкент облысында 2 мың гектар және Жызақ облысында 300 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Сондай-ақ, Самарқанд облысында 3,3 мың гектар және Ташкент облысында 300 гектар жаңа жер игеріледі.

Мәліметтерге қарағанда, республика бойынша шағын су қорын жасау мүмкіндігі бар 60 аймақ анықталды. Сел су қоймаларын салу арқылы көктемгі-жазғы маусымдағы сел және тасқын суларын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Хабарланғандай, қаулымен кейбір жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асыру да қарастырылған. Атап айтқанда, Жызақтағы Таңғатопдисай және Ташкент облысындағы Оқсоқотасай сел су қоймаларының құрылысына жеке инвесторлар қатысады.

Сонымен қатар, сел су қоймаларының айналасында туристік-рекреациялық аймақтар мен балық шаруашылықтарын ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Қажетті сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу жұмыстары мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатыны белгілі болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда 2030 жылға дейін 5 сел су қоймасы салынады