date

Маусым айында аспанда сирек құбылыс орын алуы мүмкін

Маусым айында аспанда сирек құбылыс орын алуы мүмкін

Жер тұрғындары 2026 жылдың 12 маусымында астрономиялық оқиға аясында сирек кездесетін көріністің куәсі бола алады. Астрономдардың мәліметінше, бұл күні Меркурий, Шолпан және Юпитер эклиптика сызығы бойымен бір-біріне жақын орналасып, «кіші парад» түзеді.

Күн батқаннан кейін бұл планеталар аспанда анық көрінеді және бірнеше сағат бойы жай көзбен бақылауға мүмкіндік береді. Мамандар бұл астрономиялық құбылыстың Жер үшін мүлдем қауіпсіз екенін және тек әдемі аспан көрінісі ретінде бағаланатынын атап өтті.

Планеталар парады тек бір күнмен шектелмейтіні, оларды басқа күндері де бақылауға болатыны айтылған.

Алдағы айларда да бірқатар қызықты аспан құбылыстары күтілуде. Атап айтқанда, 2026 жылдың 12 тамызында «үлкен таңғы парад» байқалады. Бұл кезде Күн жүйесіндегі алты планета — Юпитер, Меркурий, Марс, Уран, Сатурн және Нептун бір-біріне жақын орналасады. Ашық аспанда бұл оқиға нағыз парад әсерін береді.

Сондай-ақ, 2026 жылдың 14 қарашасында «кіші таңғы парад» өтеді. Таң атқанға дейінгі уақыт ең қолайлы сәт болып саналады. Онда Меркурий, Шолпан, Марс және Юпитер бір сызық бойына тұрып, аспанды бақылаушылар үшін тағы бір маңызды астрономиялық оқиғаны көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Маусым айында аспанда сирек құбылыс орын алуы мүмкін