Құрбан айт қарсаңындағы ескерту: бағаны жасанды түрде көтеруге болмайды

Бәсекелестікті дамыту комитеті Құрбан айт қарсаңында ірі сауда желілері мен сауда кешендеріне маңызды үндеу жолдады. Онда мереке алдындағы сұраныстың артуы аясында азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу қатаң ұсынылды.
Комитет мәліметінше, қазіргі уақытта нарықта сұраныс жоғары болуы мүмкін әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақты ұстау маңызды. Сол себепті барлық сауда субъектілеріне баға саясатында әділдік пен жауапкершілікті сақтау қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ, жеткізуші кәсіпорындар бағаның өзгеруі, логистикалық шығындар немесе басқа да факторлар туралы Комитетті уақтылы хабардар етіп отыруы қажеттігі атап өтілді.
Бөлшек сауда желілері мен сауда кешендеріне жеткізушілер тарапынан бағаны жасанды түрде көтеруге жол бермеу бойынша нақты нұсқаулар берілді.












Пікірлер 0
…