Қытайдағы елес қала: 15 жыл бойы қараусыз қалған қала қандай құпияны жасырады?

Қытайдың Шаньтоу қаласындағы қараусыз қалған тұрғын үй кешені уақыт өте келе үлкен жасыл ну орманға айналуда. Өсімдіктер басқан көпқабатты үйлер мен қараусыз қалған көшелер адамдар тастап кеткен, табиғат билік құрған әлемді еске салады. Бұл көрініс танымал «The Last of Us» сериалындағы постапокалиптикалық ортаны еске түсіреді.
Мәліметтерге сәйкес, 2010 жылдары бұл аумақта теңіз көрінісі бар сәнді тұрғын үй кешенін салу жоспарланған болатын. Алайда қаржылық мәселелерге байланысты жоба аяқталмай, ғимараттар қараусыз қалды.
Шамамен 15 жыл өткен соң, табиғат аумақты біртіндеп өз бақылауына алды. Ағаштар мен басқа да өсімдіктер ғимараттар арасында, балкондарда және көшелер бойында өсіп, бетон құрылыстарды жап-жасыл мекенге айналдырды.
Бір кездері сәнді тұрғын үйлер салу көзделген аумақ бүгінде елес қала кейпіне енді. Бұл көрініс адам жоспарлары жүзеге аспай қалғанда, табиғаттың уақыт өте келе қоршаған ортаны қалай өзгерте алатынын көрсетеді.



















Пікірлер 0
…