date

Өзбекстанда қатты жел мен жаңбыр күтілуде

Өзбекстанда қатты жел мен жаңбыр күтілуде

«Өзгидромет» 20 мамыр, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар аймақтарында жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Ташкентте ауа райы құбылмалы болады. Күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жауын-шашын мен найзағай болуы мүмкін. Жел шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 10-12 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Температура түнде 17-19, күндіз 30-32 градус шамасында болады.
Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында да кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 13-18 м/с-қа жетіп, шаңды дауылмен қоса жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 29-34 градусқа дейін көтеріледі.
Бұхара және Науаи облыстарында да ауа райы құбылмалы болады. Қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің күшеюі кей аймақтарда қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Ташкент, Сырдария, Жызақ және Самарқанд облыстарында да жауын-шашын ықтималдығы жоғары. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 27-32 градус аралығында сақталады.
Қашқадария және Сурхандария облыстарында ауа райы салыстырмалы түрде ыстық болады. Кей жерлерде температура 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар, найзағайлы жаңбыр мен қатты жел күтіледі.
Ферғана алқабында — Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында да қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей аймақтарда күшейетіні айтылуда.
Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жағдай күрделірек болуы мүмкін. Кейде қатты жаңбыр жауып, сел жүру қаупі бар. Мамандар сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Өзбекстанның тоғыз облысында 22 мамырға дейін сел қаупі жарияланғаны хабарланды. Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда кей аймақтарда қатты жел мен жаңбыр болған еді. Жызақ облысының Заамин ауданында тіпті ұсақ бұршақ жауғаны тіркелді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда қатты жел мен жаңбыр күтілуде