date

Mercedes-Benz 100 кВт·сағаттық батареяны 10 минутта қуаттайтын жүйені ұсынды

Mercedes-Benz 100 кВт·сағаттық батареяны 10 минутта қуаттайтын жүйені ұсынды

Mercedes-Benz электромобильдерді қуаттау уақытын күрт қысқарту бойынша жаңа кезеңге өтті. Компанияның мақсаты — электромобильді қуаттауды бензин құю процесіндей тез әрі ыңғайлы ету, деп жазады ixbt.com сайты.

Осы мақсатта V-Class базасында жасалған тәжірибелік көлік — мобильді зертхана әзірленді. Ол бес қуат портынан тұрады, жоғары кернеулі энергия беру, батареяны салқындату, екі жақты қуаттандыру (V2H және V2G), автоматты индуктивті және күн энергиясын пайдалана отырып қуаттау технологиялары сыналуда.

Mercedes-Benz қуат жүйелері бөлімінің басшысы Мальте Зиверс атап өтті:

“Келесі күрес — бұл ыңғайлылық үшін. Тұтынушылар қуаттау процесі бензин құюдай жылдам әрі тегіс болғанын қалайды. Біз осыған ерекше көңіл бөлудеміз.”

Автомобиль қос портты CCS жүйесімен жабдықталған, ол 900 кВт-қа дейін қуат бере алады. Ең жоғары 1000 ампер тоқта ол 100 кВт·сағаттық батареяны небәрі 10 минутта толықтырады.

Бұдан бөлек, MCS (мегаватттық қуат жүйесі) де сыналуда — ол 1000 кВт-тан астам қуат жеткізе алады.

Тағы бір маңызды бағыт — екі жақты қуаттандыру технологиясы, ол автомобильді үйді, желіні немесе сыртқы құрылғыларды қуаттандыру құралына айналдырады. Жүйе AC және DC тоқпен жұмыс істейді және оның жаппай өндірісі басталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Mercedes-Benz 100 кВт·сағаттық батареяны 10 минутта қуаттайтын жүйені ұсынды