Google табиғатқа миллиондаған арнайы масаларды жіберуді жоспарлап отыр

Google қауіпті аурулармен күресу мақсатында Калифорния және Флорида штаттарында арнайы өңделген 32 миллионға дейін масаны табиғатқа жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады.
Хабарланғандай, бұл бастама масалар арқылы тарайтын Батыс Ніл вирусы, денге безгегі, Зика вирусы, чикунгунья және сары безгек сияқты аурулармен күресуге бағытталған.
Қазіргі уақытта жобаны АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі қарастыруда. Мекеме 5 маусымға дейін қоғамдық пікірлерді қабылдайды және одан кейін тәжірибе жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Зерттеушілердің айтуынша, бағдарлама Culex туысына жататын масаларды нысанаға алған. Сонымен қатар, компания адамды шағатын жәндіктерді емес, Wolbachia бактериясымен өңделген еркек масаларды табиғатқа жіберуді жоспарлап отыр.
Мамандардың пікірінше, мұндай еркек масалар жабайы ұрғашы масалармен шағылысқаннан кейін олардың ұрпағы тірі қалмайды. Бұл уақыт өте келе масалар санын азайтуға мүмкіндік береді.
Google мәліметінше, масаларды көбейту және табиғатқа жіберу процесінде жасанды интеллект қолданылады



















Пікірлер 0
…