«Via Marokand» тобының мүшесі сахнада микрофонды төңкеріп ұстап ән айтқаны баршаны таң қалдырды

«Via Marokand» тобының мүшесі Рәшид әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерін күлдірген бейнероликпен бөлісті. Онда әнші қатысқан бағдарламалардың бірінде болған қызықты оқиға көрсетілген.
Бейнежазбада топ мүшелері ән орындап жатқанда Рәшидтің микрофонды төңкеріп ұстағаны байқалады. Сахнадағы серіктесі Әзиза жағдайды сезіп, әншіге ым-ишара арқылы білдіруге тырысады.
Рәшид видеоға әзіл аралас пікір де қалдырған. Өнер иесі «Әлемде микрофонды төңкеріп ұстаған екінші адам мен болармын» деп жазған.
Бұл үзінді жанкүйерлер тарапынан жылы қабылданды. Пікірлерде көпшілік жағдайды күлкілі деп бағалап, топ мүшелеріне сәттілік және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеуде.
Бейнеролик қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кең тарап, қолданушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.



















Пікірлер 0
…