date

"The Witcher" соңғы маусым түсірілімдері аяқталды

"The Witcher" соңғы маусым түсірілімдері аяқталды

Netflix-тің танымал жобасы The Witcher сериалының соңғы бөлімі бойынша жұмыстар мәресіне жетті. Redanian Intelligence дерегіне сәйкес, финалдық көріністер Longcross киностудиясында түсірілген.

Продюсерлер мен актерлер бұл кезеңді зор толқумен қабылдады. Алдағы күндері топ мүшелерінің әлеуметтік желілерде көптеген жазбаларымен бөлісуі күтілуде. Төртінші маусым 2025 жылдың 30 қазанында көрсетіледі, ал бесінші маусым 2026 жылы шығуы жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Netflix The Witcher экранизациясын 2017 жылдың мамыр айында ресми жариялаған болатын. Алғашқы маусым түсірілімдері 2018 жылдың күзінде басталды, және Генри Кавилл шамамен жеті жыл бұрын Будапешт қаласында Ривиялық Геральт рөлінде алғаш рет камераға түскен. Кейінірек жұмыс үдерісі Ұлыбританияға көшірілді, ал соңғы екі маусымда басты рөлді Лиам Хемсворт сомдауда.

Сонымен қатар, Witcher әлемінің авторы Анджей Сапковскийдің жаңа еңбегі — Raven’s Crossing кітабы 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап халықаралық деңгейде сатылымға шығатыны белгілі болды. Бұдан бөлек, CD Projekt Red компаниясы The Witcher 4 жобасын белсенді әзірлеуде.

Айтпақшы, жақында Лиам Хемсворт басты рөлде түскен The Witcher сериалының төртінші маусым трейлері де көрермендерге ұсынылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » "The Witcher" соңғы маусым түсірілімдері аяқталды

Ең көп оқылғандар Мәдениет жаңалықтары