date

Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасудың ауыр сырын ашты

Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасудың ауыр сырын ашты

Голливуд жұлдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт арасындағы Château Miraval шарап зауытына қатысты сот ісі әлі де жалғасуда. Page Six басылымының хабарлауынша, актриса жаңа сот өтінішінде ажырасу процесінің құпия әрі ауыр тұстарын ашып айтты.

«Күйеуіммен ажырасуыма себеп болған оқиғалар мен және балаларым үшін ауыр рухани соққы болды», — деді Джоли өз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ол Брэд Питттен сот шығындарын өтеу үшін 33 мың доллар (2,6 миллион рубль) төлеуді талап етті. Актрисаның айтуынша, бұл қаражат бұрынғы күйеуінің арызына жауап дайындауға жұмсалған.

Джоли ажырасу туралы өтініш берген кезде, Питтке қиын кезеңінде қолдау көрсету мақсатында Лос-Анджелестегі үйі мен Miraval иелігін ешқандай өтемақысыз қалдырған. Алайда ол да, балалары да ол жерге қайта бармаған — себебі бұл орын ауыр естеліктермен байланысты.

Белгілі болғандай, актрисаның барлық дерлік жинағы Miraval жобасына салынған. Ол балалар үшін алимент пен қаржылық көмектен бас тартып, жалғыз шешім ретінде өз үлесін сатуға шешім қабылдаған.

«Мен балаларымның денсаулығына қатты алаңдадым, сондықтан оларға қамқор болып, қалпына келулеріне көмектесу үшін шамамен екі жыл жұмысымды тоқтаттым», — дейді Джоли.

2017 жылы актриса Питтке отбасылық мүліктегі үлесін сатып алуды ұсынған, бірақ келіссөздер тоқтап қалған. «Miraval — біздің өміріміздің орталығы болды. Біз сол жерде үйлендік, балаларымызды сол жерде өсірдік. Бұл үйден айырылу бәріміз үшін ауыр сынақ болды», — деп еске алады ол.

Айта кетейік, Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2006 жылы “Mr. & Mrs. Smit” фильмінің түсірілім алаңында танысып, 2014 жылы үйленген. Алайда 2016 жылы олардың ажырасатыны жарияланды. Жеті жылдан кейін, 2023 жылдың тамызында олардың некесі ресми түрде тоқтатылды.

Неке ресми түрде аяқталғанына қарамастан, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар әлі де суымаған. Ақпаратқа қарағанда, Питтің алты баласының ешқайсысы онымен сөйлеспейді, кейбірі тіпті әкесінің тегін алып тастаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Мәдениет » Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасудың ауыр сырын ашты