date

Брэд Питт жарысқа қайта орала ма? "Формула 1" фильмінің жалғасы жоспарлануда

Брэд Питт жарысқа қайта орала ма? "Формула 1" фильмінің жалғасы жоспарлануда

"Формула 1" фильмінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық - фильмнің екінші бөлімі түсіріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы продюсер Джерри Брукхаймер BBC-ге берген сұхбатында растады.

Продюсер әзірге жобаның мерзімі немесе актерлер құрамы туралы егжей-тегжейлі ақпарат бергісі келмеді. Сондай-ақ, Брэд Питт жаңа бөлімге қайта қатыса ма, жоқ па белгісіз. "Біз фильмді жалғастыру үстіндеміз," - дейді Брукхаймер.

"Формула 1" фильмінің жалғасы туралы қауесеттер 2025 жылдың күзінен бері айтылып келеді. Режиссер Джозеф Косински де драманың жалғасын түсіруге ниет білдірген. Қараша айында ол команданың шығармашылық ізденіс кезеңінде екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, фильм Apple TV платформасында ең көп табыс әкелген жоба болды. Ол Ридли Скоттың "Наполеон" және Мартин Скорсезенің "Гүлді айдың өлтірушілері" фильмдерін артта қалдырды.

Сюжет бойынша, Санни Хейс (Бред Питт) бұрынғы "Формула 1" шабандозы болып, ауыр апаттан кейін спорттан кетеді. Жылдар өте жас талант Джошуа Пирске (Дамсон Идрис) жаттықтырушылық ету үшін трекке оралады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Брэд Питт жарысқа қайта орала ма? "Формула 1" фильмінің жалғасы жоспарлануда