Хаджибой Тожибаевтың кенже қызы Мадина Тожибаевадан қуанышты хабар!

Хаджибой Тожибаевтың кенже қызы Мадина Тожибаевадан қуанышты хабар келді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жүкті екенін хабарлады.
Білесіздер, Мадина Тожибаева блогер Ислам есімді жас жігітке тұрмысқа шыққан. Енді жас отбасының өмірінде одан да бақытты кезең басталды. Мадина бейнежазбада күйеуі екеуі бала күтіп жүргенін хабарлады.
Ол бейнежазбаның астына: «Әлхамдулиллаһ. Бүгін біз неге жұмысты тоқтатып, Instagram-да сирек көрінетінімізді түсіндіргіміз келді», - деп түсініктеме қалдырды. Бұл жаңалық жанкүйерлердің назарын тез аударды.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары мен жанкүйерлері Мадина Тожибаеваға жылы лебіздерін білдіріп, оны шын жүректен құттықтады. Көпшілік жас отбасына бақыт, тыныштық және дені сау бала тілейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз