date

Малика Равшанова қызының алғашқы туған күнін атап өтті

Малика Равшанова қызының алғашқы туған күнін атап өтті

Әнші Малика Равшанова өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол қызы Садияның 1 жасқа толуын атап өтіп, жылы лебізге толы бейнежазба жариялады.

Өнер иесі жазба астына: «29.04.25 жыл — мен төртінші рет АНА болған күн», — деп жазып қалдырған.

Малика Равшанова қызының туған күнін ұмытылмас ету үшін мерекені табиғат аясында өткізуді жөн көрген. Бейнежазбада кішкентай Садия құлпынай бейнеленген сүйкімді киімде, құлпынай және құлпынайдан жасалған арнайы тортпен бірге суретке түскен.

Әсіресе, бүлдіршіннің құлпынай тортын сүйсіне жеп жатқан сәттері бейнежазбаға ерекше реңк берген. Бұл шынайы кадрлар тыңдармандардың ықыласына бөленді.

Пікірлерде желі қолданушылары Садияны туған күнімен құттықтап, оған денсаулық, бақыт және жарқын болашақ тілеп, жылы лебіздерін білдіруде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Малика Равшанова қызының алғашқы туған күнін атап өтті