Юлдуз Раджабова тойында Адиз Раджабовты көріп, көз жасын тыя алмады

Актриса Юлдуз Раджабованың үйлену тойынан тараған видеолар әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Әсіресе, актер Адиз Раджабовпен байланысты әсерлі сәттер жанкүйерлердің назарын аударды.
Тараған видеоларда Адиз Раджабовтың той салтанатына гүл шоқтарымен келіп, Юлдуз Раджабованы шын жүректен құттықтағаны көрсетілген. Сол сәтте актриса сезімін жасыра алмай, көз жасына ерік берді.
Адиз Раджабов өз әлеуметтік желілерінде де Юлдуз Раджабоваға жылы лебізін білдірді. «МашаАлла! Юлдуз қарындасым! Бақытты бол! Эмре екеуің бір-біріңді түсініп, әдемі де берік отбасы құрыңдар! Бақыттарыңды сақтаңдар!» — деп жазды актер.

Ол сондай-ақ жанкүйерлерді жас жұбайларға тілектес болуға шақырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Юлдуз Раджабова мен Эмре Кывылджим жұбына бақыт пен ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.




















Пікірлер 0
…