Саида Раметова қауесетке нүкте қойды: «Жумадулла аға тірі»

Өзбекстанның халық әртісі Саида Раметова әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұбайы, танымал актер Жумадулла Раметовтің денсаулығына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді.
Актрисаның айтуынша, соңғы күндері көптеген жанкүйері мен танысы Жумадулла Раметовтің жағдайын сұрап, тіпті оның қайтыс болғаны туралы негізсіз хабарларға сеніп, көңіл айтып жатқанын жеткізген.
Сол себепті Саида Раметова жұбайын видеода жанкүйерлеріне көрсетіп, оның жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.
«Ассалаумағалейкум, қымбатты жанкүйерлеріміз. Көпшілік Жумадулла аға аман-есен бе деп сұрап жатыр. Тіпті кейбіреулер “ойбай” деп көңіл айтып, Жумадулла аға дүниеден өтіпті деп ойлап қалған. Құдайға шүкір, тірі, жағдайы жақсы. Қазір кейде ауруханада, кейде үйде болады. Жақында 70 жасқа да толды. Біз өте бақыттымыз. Көпшілік осындай сұрақ қойғандықтан, өзін көрсетіп жатырмын. Бұйырса, жақында шөберелі де боламыз. Дұғада болыңыздар», — деді актриса.
Бұл видео қысқа уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кең тарады. Жанкүйерлер пікірлерінде Жумадулла Раметовке денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, тезірек сауығып кетуін тілеп, ақжолтай ниеттері мен дұғаларын жолдауда.



















Пікірлер 0
…