date

Ғалымдар: пластик ыдыстағы су адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді

Ғалымдар: пластик ыдыстағы су адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді

Монреальдағы Конкордия университетінің ғалымдарының соңғы зерттеу нәтижелері бойынша, пластмасса ыдыстарда сақталатын су адам денсаулығы үшін қауіпсіз емес. Зерттеу Journal of Hazardous Materials ғылыми журналында жарияланған. Мамандардың айтуынша, бөтелкедегі судағы микропластмассалардың салдарынан қарапайым шүмек суына қарағанда әлдеқайда қауіпті екені хабарланды.

Зерттеу авторларының айтуынша, микроскопиялық пластикалық бөлшектер ағзаға енген кезде биологиялық кедергілерді жеңіп, қан ағымы арқылы маңызды ішкі ағзаларға жетуі мүмкін. "Бұл бөлшектер адам ағзасына біртіндеп зиян келтіреді, бірақ оның әсері бірден байқалмайды. Олар жылдар бойы созылмалы улануды тудырады," - делінген зерттеуде.

Ғалымдардың есептеуінше, орта есеппен адам жылына кемінде 39 мыңнан 52 мыңға дейін микропластмасса бөлшектерін жұтады. Алайда бөтелкедегі суды үнемі тұтынатындар бұл көрсеткішті екі есеге жуық арттырады - яғни олар жылына денесіне 90 мыңға дейін артық микропластмасса қабылдай алады.

Микропластикалық бөлшектер су ыдыстарына әртүрлі процестерде түсетіні анықталған: күн сәулесінің әсерінен, өндіру және сақтау кезінде немесе температура күрт өзгергенде ыдыстың ішкі бөлігіндегі пластикалық заттар ыдырап, суға араласады.

Зерттеу жетекшісі Сара Сажеди атап өткендей, микропластмассалардың әсері көп жағдайда "сезілмейді, бірақ қауіпті." Оның айтуынша, бұл бөлшектер ағзадағы қабыну процестерін күшейтеді, гормоналды тепе-теңдікті бұзады, жүйке жүйесінің қызметіне теріс әсер етеді және кейбір жағдайларда иммундық жүйені әлсіретеді.

Саджеди адамдарды абай болуға шақырып, пластик ыдыстағы суды үнемі ішкеннен гөрі, сүзгіленген немесе қайнатылған суды пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, пластик ыдыстарды қайта өңдеу мен пайдалануды шектеу болашақта экологиялық және денсаулыққа төнетін қауіптерді азайтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Пайдалы » Ғалымдар: пластик ыдыстағы су адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді