Қайта қайнаған су — сырттай мөлдір, бірақ іште жасырын қауіп бар
Көпшілік суды неғұрлым көп қайнатса, соғұрлым таза болады деп ойлайды. Бір қарағанда логикалық — жоғары температура бактерияларды жояды, демек, су таза. Алайда мамандар бұған келіспейді. Олардың айтуынша, қайта қайнатылған су сырттай мөлдір көрінгенімен, оның ішкі химиялық тепе-теңдігі бұзылады. “zamin.uz” жазғандай, мұндай су “өлі энергияға” айналып, адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.
“Өлі су” несімен қауіпті?
Ғалымдар “өлі су” сөзін жайдан-жай айтпайды. Бірнеше рет қайнатылған суда оттегі мен көмірқышқыл газы күрт азаяды, судың табиғи энергетикалық құрылымы бұзылады. Бұл жасушаларға оттегінің жетуін баяулатады, шаршау мен ауырлықты күшейтеді.
Мұндай суды ішкен адам шөлі басылмағандай сезінеді, ауызда өзгеше дәм қалады. Бұл ағзаның табиғи энергия көзінен айырылғанының белгісі. Сырттай таза болғанымен, мұндай су іштей “өлі”.
Көрінбейтін ауыр металдар
Суды бір рет қайнату микробтардан арылуға жеткілікті. Бірақ оны қайта-қайта ысыту — ағзаны металдармен “қоректендірумен” тең. Себебі су металл құбырлар арқылы өтеді, одан аз мөлшерде болса да қорғасын, мыс немесе мышьяк араласады.
Қайта қайнату кезінде бұл заттар жойылмайды, керісінше жиналады. Судың бір бөлігі буланса да, нитраттар, фтор, хлор және ауыр металл иондарының мөлшері көбейеді. Ең қауіптісі — нитраттар жоғары температурада нитрозаминге айналып, қатерлі ісік тудыруы мүмкін.
Әктас тұнбасы — денсаулыққа да, тұрмыстық техникаға да зиян
“Қатты су” құрамында кальций мен магний көп болады. Мұндай суды қайнатқанда, шәйнектің қабырғасында ақ тұнба — әктас пайда болады. Оның бір бөлігі судың ішінде қалады да, ағзаға түсіп, бүйректе тұз жиналуына әкеледі.
Бұл бүйрек тасының түзілуіне, ауырсыну мен басқа да жайсыздықтарға себеп болуы мүмкін. Егер шәйнекте әктас тез пайда болса, бұл судың қаттылығын білдіреді. Мұндай жағдайда мамандар сүзгіден өткен немесе жұмсақ суды ішуді ұсынады.
Қатты су тұрмыстық техникаға да зиян. Әктас жылу өтімін қиындатып, энергия шығынын арттырады және құрылғының қызмет мерзімін қысқартады.
Қайнатылған суды қанша уақыт сақтауға болады?
Қайнатылған суды 24 сағаттан артық сақтауға болмайды. Осыдан кейін ол оттегін жоғалтады, микроэлементтер бұзылады, бактериялар көбейе бастайды.
Дәрігерлер кеңесі:
заманауи сүзгі жүйелерін пайдалану;
бөтелкедегі табиғи суды таңдау;
жаңа қайнап суыған суды ішу;
суды жабық ыдыста сақтау.