date

Әндіжанда 4 қыз танысын сабап тастады

Әндіжанда 4 қыз танысын сабап тастады

Әндижан қаласында кәмелетке толмаған қыздар арасында жанжал болды, деп хабарлады облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда бір топ қыздың басқа бір қызды ұрып, оған дене жарақатын салғаны бейнеленген. Мәліметтерге қарағанда, оқиға 7 қараша күні Әндижан қаласының «Мустақиллик» махалласында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жанжал төрт кәмелетке толмаған қыз арасындағы жеке келіспеушіліктен шыққан. Солардың бірі — Ю.Д. өз құрбыларымен бірге Э.М.-ға дене жарақатын салған.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеру басталды, жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.

ІІБ мәліметінше, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 47-бабы (бала тәрбиесі мен білімі жөніндегі міндеттерді орындамау) негізінде әкімшілік хаттама толтырылған. Оларға 412 мыңнан 2 миллион сомға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Әндіжанда 4 қыз танысын сабап тастады