date

Атмосфераға зиян келтіретін кәсіпорындарға қандай шаралар қолданылды?

Атмосфераға зиян келтіретін кәсіпорындарға қандай шаралар қолданылды?

Ташкент қаласы мен Ташкент облысында қоршаған ортаға зиян келтіретін 106 шаруашылықтың қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі.

Бұл шара Министрлер Кабинетінің 2025 жылғы 8 февральдағы 59-Ф-санды өкімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Арнайы құрылған жұмысшы топтар 4,8 мыңнан астам нысанды зерттеді. Оның 595-і жылыжай шаруашылықтары болса, қалғаны әлеуметтік сала мен өнеркәсіп кәсіпорындары болған.

Тексеру барысында кейбір шаруашылықтарда атмосфералық ауаға зиянды газ, шаң және түтін шығарылғаны анықталды. Нәтижесінде 58 жылыжай шаруашылығына әкімшілік айыппұл салынып, 106 шаруашылықтың қызметі тоқтатылды.

Сондай-ақ 387 нысан экологиялық талаптарды бұзбау, пленка, автошиналар мен өсімдік қалдықтарын жақпау туралы ресми ескерту алды.

Министрліктің хабарлауынша, бақылау шаралары жүйелі түрде жалғасады және экологиялық заңдылықты бұзған субъектілерге қатаң шаралар қолданылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Атмосфераға зиян келтіретін кәсіпорындарға қандай шаралар қолданылды?