date

Кореяда өз үйінен өлі күйінде табылған өзбекстандық бойжеткен ісінің мән-жайы белгілі болды

Кореяда өз үйінен өлі күйінде табылған өзбекстандық бойжеткеннің ісі ашылды

Осыған дейін Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен 26 жастағы өзбекстандық әйелдің өз үйінен өлі күйінде табылғаны туралы хабарланған болатын. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, оның өлімі өз-өзіне қол жұмсаумен байланысты екені анықталды.

Сыртқы істер министрлігінің ақпарат қызметі хабарлағандай, аталған оқиға бойынша Өзбекстанның Сеулдегі елшілігі алғашқы күндерден бастап Кореяның құқық қорғау органдарымен тығыз іс-қимыл жасауда. Негізгі мақсат — жағдайдың мән-жайын анықтау және тергеу процестерінің әділ өтуін қамтамасыз ету.

Тергеу туралы толық мәлімет беру үшін марқұмның анасы Феруза Алимбекова Кореяға шақырылды. Ол елшілік пен жергілікті полицияның қолдауымен аталған елге барып, ресми тұлғалармен кездесулерге қатысты.

Үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде марқұмның анасы, адвокаты және елшілік өкілдерінің қатысуымен Пхёнтхэк қалалық полициясының жауапты тұлғаларымен келіссөздер өтті. Кездесу барысында Корея тарапы жүргізілген қосымша тексерулер мен сараптама нәтижелері туралы ақпарат берді.

Белгілі болғандай, алдын ала тексерулер мен сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша марқұмның өлімінде зорлық-зомбылық немесе кісі өлтіру белгілері байқалмаған. Сондай-ақ, оқиға болған түндегі бақылау камераларының жазбалары да марқұмның жақындарына көрсетілді.

Тереңдетілген талдаулар нәтижесінде Нозима Кимнің өз-өзіне қол жұмсағаны расталды. ДНҚ, қан және саусақ іздерін тексеру, сондай-ақ басқа да медициналық сараптамалар барысында оның денесінен улы заттар, дәрі-дәрмектер немесе сыртқы әсерден болған жарақаттар анықталмаған.

Корея полициясы әлеуметтік желілерде тарап жатқан кейбір суреттердің ресми тергеу материалдарына қатысы жоқ екенін және оларды тарату заңға қайшы екенін ерекше атап өтті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Оның қорытынды нәтижелері марқұмның жақындарына хабарланатын болады.

Өзбекстан елшілігі бұл істі бақылауға алғанын мәлімдеп, азаматтарды расталмаған және негізсіз хабарламаларды таратпауға, марқұмның аруағын құрметтеуге шақырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Кореяда өз үйінен өлі күйінде табылған өзбекстандық бойжеткен ісінің мән-жайы белгілі болды