date

Қоқанда 10 жасар қыздың өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасының мәліметтері жарияланды

Қоқанда 10 жасар қыздың өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасының мәліметтері жарияланды

Бұған дейін Қоқан қаласында кәмелетке толмаған жүргізуші 3 қызды қағып кетіп, олардың бірі қайтыс болғаны хабарланған еді. ІІМ осы жол-көлік оқиғасы бойынша қосымша ақпарат берді.

Мәлім етілгендей, 20 мамырда Қоқанда Malibu-2 көлігінің рөліне отырған мектеп оқушысы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 10 жасар 3 қызды қағып кеткен. Қыздардың бірі ауруханада қайтыс болды, екеуінің жағдайы ауыр. ІІМ оқиғаның видеосын және рөлде болған жасөспірім мен оның атасының кешірім сұрап, өкініш білдірген сәттерін жариялады.

Видеода Malibu көлігінің жоғары жылдамдықпен келіп, балаларды қағып кеткені көрінеді. Жасөспірімнің айтуынша, ол көлікті рұқсатсыз алып, достарымен жай ғана қыдыруға шыққан. Атасы оған көлікті үйде жуу үшін кілтті бергені, бірақ ол қалаға айдап кеткені белгілі болды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жүргізуші ұсталды, тергеу жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Қоқанда 10 жасар қыздың өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасының мәліметтері жарияланды