date

83 жастағы әжей зиплайнмен ұшып, көпшілікті таңғалдырды

83 жастағы әжей зиплайнмен ұшып, көпшілікті таңғалдырды

Шыназдық 83 жастағы әжей өз батылдығымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен әлеуметтік желіде үлкен назар аударуда. Ол Зоминнің көркем тауларында орналасқан, көпшіліктің жүрегі дауаламайтын зиплайнмен ұшып, баршаны таңғалдырды.

Ең қызығы, бұл оның алғашқы тәжірибесі емес. Әжейдің айтуынша, ол былтыр да зиплайнмен ұшқан және бұл жолы тағы да өз бағын сынауға бекінген. Оның бұл ерлігі жастар үшін нағыз мотивацияға айналды.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың жылы лебізіне ие болды. Көпшілік әжейдің батылдығына, ерік-жігеріне және өмірден ләззат ала білу қабілетіне тәнті болып, пікірлерде оны қолдап жатыр.

Расында да, жас — тек сан ғана. Бұл әжей өз ісімен кез келген жаста да белсенді әрі батыл болуға болатынын тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » 83 жастағы әжей зиплайнмен ұшып, көпшілікті таңғалдырды