date

Атлетико Мадрид Реалды жер қаптырды – 5:2 (видео)

Атлетико Мадрид Реалді жер қаптырды – 5:2 (видео)

Ла Лиганың 7-турынан орын алған Мадрид дербисі футбол жанкүйерлеріне керемет шоу сыйлады. Атлетико Мадрид өз алаңында Реал Мадридті 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Алдымен Робен Ле Норман 14-минутта есеп ашты, кейін Александр Серлот 45+3-минутта екінші голды соқты. Реал бұл соққыларға Килиан Мбаппе (25') және Арда Гюлер (36') арқылы жауап қайырды — үзіліске дейін есеп 2:2 болды.

Бірақ екінші таймда сахна Атлетиконыкі болды. Хулиан Альварес 51-минутта пенальтиден, 63-минутта ойын барысында тағы бір гол салды. Соңғы нүктені Антуан Гризманн 90+3-минутта қойды — 5:2.

Статистикада Реал басым болды: 63% допқа иелік ету, 534 пас, 87% дәлдік. Бірақ голдар мен шабуылда Атлетико тиімдірек ойнады — 13 соққы, 7 дәл соққы, 5 гол.

Бұл Реал Мадридтің маусымдағы алғашқы жеңілісі болды, Атлетико болса үздік төрттікке енді

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Атлетико Мадрид Реалды жер қаптырды – 5:2 (видео)