Ла Лиганың 7-турынан орын алған дербиде «Реал Мадрид» командасы Мадридтің өзге клубы «Атлетико»ның қонағы болып, 5:2 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. Үлкен қызығушылықпен күтілген ойын соңғы уақытта жақсы спорттық форма көрсетіп жүрген «қаймақ түстілер» үшін күтпеген нәтиже болды.
Кездесуден кейін «Реал» бас бапкері Хаби Алонсо журналистер алдында сөз сөйлеп, команда әрекеті мен алаңдағы кемшіліктерге тоқталды. Испаниялық маманның айтуынша, бұл жолы оның командасы көптеген қателіктер нәтижесінде толығымен жеңіліске лайық болған.
– «Жаман ойын көрсеттік және ауыр жеңілісті қабылдадық. Бүгін бізге көп нәрсе жетіспеді. Допқа бақылау жасай алмадық, дуэльдерде ұтылдық, мүмкіндік жасай алмадық. Соның салдарынан қарсыластарға тым көп мүмкіндік беріп қойдық. Біз барлық жағынан ұтылдық және өз деңгейімізді көрсете алмадық», – деді Алонсо.
Бапкердің айтуынша, бұл жеңіліс команда үшін сабақ болуы тиіс. – «Маусымдағы алғашқы жеңілісіміз болды. Бұл ауыр, бірақ бұдан сабақ алып, өз ойынымызды жақсартуымыз керек. Мұны талдап, түзетуге тырысамыз. Біз әлі қалыптасу сатысымызда тұрмыз, даму жолындамыз», – деп қосты испаниялық бапкер.
Алонсо қазіргі уақытта команда қателіктерден дұрыс қорытынды шығаруы, алдағы кездесулерде өз ойынын күшейтуі керек екенін атап өтті. – «Екінші таймда да күткен деңгейде әрекет ете алмадық. Бұдан сабақ алып, келесі ойындарда дұрыс жолға түсуге тырысамыз», – деді ол.
Енді «Реал Мадрид» келесі кездесуде «Вильярреалмен» күш сынасуы күтілуде. Оған дейін клуб Еурокубок аясында Қазақстанға сапар шегіп, маңызды ойын өткізеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!