date

Лионель Месси карьерасын "Ньюэллс Олд Бойз" клубында аяқтауы мүмкін

Лионель Месси карьерасын "Ньюэллс Олд Бойз" клубында аяқтауы мүмкін

Бірнеше беделді дереккөздердің хабарлауынша, сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Месси 2023 жылдың жазынан бері ойнап келе жатқан АҚШ-тың "Интер Майами" клубымен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келгені туралы ақпарат тараған еді. Оған сәйкес, аргентиналық жұлдыз клубпен 2028 жылдың соңына дейін жалғасатын жаңа келісімшарт жасасады деп күтілген.

Алайда, жаңа мәліметтер жағдайдың басқаша екенін көрсетіп отыр. Испанияның беделді El Nacional басылымының жазуынша, 38 жастағы Леоның ойы өзгерген. Дереккөздің айтуынша, Месси енді карьерасын ұзартуды емес, жақын жылдары оны аяқтауға ниетті. Бұл шешімді ол өз елінде, футболының негізін қалаған алғашқы клубы - "Ньюэллс Олд Бойз" сапында жүзеге асыруға бел буған.

Осылайша, әлемдік футбол аңызы аргентиналық клубта мансабын аяқтап, өзінің алғашқы командасының абыройын тағы бір мәрте биік мінберге шығаруды армандайды.

Мессидің Аргентина құрамасындағы болашағы да әзірге белгісіз. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсете ме, жоқ па, ешкім нақты айта алмайды. Дегенмен El Nacional сарапшыларының пікірінше, Лео өзінің соңғы әлем чемпионатына "Ньюэллс Олд Бойз" футболшысы ретінде қатысып, сүйікті клубының тарихын жарқын беттермен толтырғысы келеді.

Мессидің қандай шешім қабылдайтыны Аргентина ғана емес, бүкіл әлем футбол қауымдастығы үшін үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Оның қызметі, ойнаған әрбір клубы және ұлттық құрамасымен жазылған тарихы қазірдің өзінде спорттық аңыз ретінде бағаланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Лионель Месси карьерасын "Ньюэллс Олд Бойз" клубында аяқтауы мүмкін