date

Усик пен Кроуфордтың қатысуымен тарихи бокс кеші өтеді

Усик пен Кроуфордтың қатысуымен тарихи бокс кеші өтеді

Қараша айында Ташкент қаласында үлкен спорт мерекесіне айналатын кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады, деп хабарлады Lift Promotions компаниясы.

14 ноябрь күні "Хумо Аренада" Өзбекстан тарихындағы ең жарқын жекпе-жек кештерінің бірі өтеді деп жоспарланған. Оған екі Олимпиада жүлдегері қатысады және бір уақытта екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады.

Шараның басты жұлдызды қонақтары ретінде кәсіпқой бокстың танымал өкілдері Александр Усик пен Теренс Кроуфордтың келетіні белгілі болды. Турнир ұйымдастырушылары бұл кешті спорттық қана емес, тарихи оқиға ретінде атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Усик пен Кроуфордтың қатысуымен тарихи бокс кеші өтеді