date

Винисиус Жуниор әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болуы мүмкін

Винисиус Жуниор әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болуы мүмкін

«Реал Мадрид» клубымен жаңа келісімшарт туралы ортақ мәмілеге келе алмай жатқан Винисиус Жуниор өз мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп Championat.asia хабарлады. Оған «Аль Ахли» командасы айтарлықтай қызығушылық танытуда.

Мәліметтерге қарағанда, «Аль Ахли» Винисиус Жуниорды әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшыға айналдыруға дайын. Клуб оған Криштиану Роналдудың «Аль Насрдағы» жылдық 200 миллион еуросынан да жоғары жалақы ұсынуда.

25 жастағы бразилиялық футболшының «Реал Мадрид» клубымен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Винисиус Жуниор әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы болуы мүмкін